Мұқағали оқулары сайысы.

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын

Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазақ әдебиетіне үлкен мұра қалдырды.

Биыл № 14-ші қазақ мектебінде Мұқағали оқуы бойынша қалалық сайыс өткізілді. Мұнда Тараз қаласының 57 мектебі қатысқан. Бұл шарада қаланың ең дарынды балалары жиналды.Біз Баимбетова Сабина және Цхай Анатолий үшеуіміз 3 номинацияға бөлініп, мектептің атынан өнерімізді көрсеттік.

Сайыс орыс мектептер арасында бөлек, қазақ мектептер арасында бөлек жүргізілді. Сонда да біз жеңісімізді оңайлықпен алдық деп айтуға болмас. Әсіресе, Толиктің шыдамдылығын және қайсарлықтығын бағалауымыз керек. 57 мектептің арасында Толик ән айту бойынша жүлделі 3  орын алды.Сабина да көп дайындалып, еңбек етіп, Мұқағалинің өлеңдерін жаттап, жүрегімен айттып берді. Әділқазылардың барлығы Сабинаның мәнерлеп оқуына ерекше көңіл аударып, оған 3 орын берді. Менің «Мұқағалиға арнау» номинациясында 7-ақ орыс мектеп оқушылары қатысқан. Солардың ішінде мен жеңімпаз болып аталдым. Сөйтіп, біздің гимназиямыз марапатсыз қалған жоқ. Бізбен бірге уайымдаған, бізді қолдаған Айнұр Бостамбекқызы және Гүлнар Махажановна рухымызға үлкен әсер етті. Оларға үлкен рахмет!

 

Ержанова Ләйлә, 10 «А»

Опубликовано: 13 Февраля, 2013 11:45, Просмотров: 2602