«Үлкен қоңырау» газетіне арналған мақалалар байқауының жеңімпазы 8 сынып оқушысы Баимбетова Сабинаның үздік шығармашылық жұмысы.


«
Ел бастаған кемеңгер».

Жиырма жыл бойы дүние жүзі халқы Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуінің куәгері болды. Еліміздегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісім ең алдымен Елбасы еңбегінің жемісі. Н.Ә.Назарбаев өз басшылығымен, үлкен табандылықпен, саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыра отырып, тұрғылықты халықтың әл-ауқатын жақсартып, алға жылжып келеді.

Мемлекетіміздің Көшбасшысы, Қазақстанның Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің саяси және экономикалық жаңғыруын табысты атқарып, нарықтық экономиканың айқын жүйесін жасап, ТМД-ның барлық өңірінде орын алған этникалық қақтығысты болдырмай Қазақстан халқының және дүниежүзілік қауымдастықтың шынайы зор құрметіне ие болды. Бұл туралы өз кезегінде Жак Ширак «Қазақстан мақтанарлық жетістігі бар даму жолын өтті. Мұны алғашқы кезең дей отыра, жаңа реформаларға жол ашуыңыз да дұрыс» деп, ал Владимир Путин «Қазақстанның саяси-эконмикалық даму тәжірибесі зор қызығушылық тудыратын, өзге елдер үшін де маңызды үлгі» екенін атап жоғары бағаларын берген.

Қазақ қазақ болғалы, ел болып етегін жапқалы мұндай жақсылықты, мұндай игілікті көріп-білмеген шығар. Сондықтан болар, бүгінгі күні бүкіл халық болып өзінің кемеңгер көсемінің маңына топтасып, тізе қосып отыр. Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан деген егіз ұғым бір-бірімен ажырамастай боп біте қайнасып кетті. Себебі Н.Ә.Назарбаев қазір әлемге қазақ халқының бейнесі, жарқыраған айнасы болып көрініп отыр.

Н.Ә.Назарбаевтың абыройы мен даңқы бүгіндері қазақ елінің шеңберінен асып, бүкіл түркі еліне, одан әрі күллі әлемге жайылып отыр. Қазақ өзі тумысында дана халық. өз беделін сақтай білетін, асылын ардақтай білетін халық. Кемеңгер Назарбаевтың баға жетпес өлшеусіз еңбегіне халықтың берер бағасы зор, алғысы мол. Елбасы – біртұтас біріккен халықтың жүрегі. Ендеше, Елбасы біреу болса, соның төңірегіне топтасып, тіреу бола білейік. 

Опубликовано: 29 Ноября, 2012 10:30, Просмотров: 871