Ана тілі

Ана тілі дегеніміз – халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. 

Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке – шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз. Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Біздің осындай ана тіліміз – қазақ тілі.

Біздің отбасымызда барлығымыз өз ана тілімізде, яғни, қазақ тілінде сөйлесеміз. Ана тілімізде ән тыңдап, қазақ тілінде хабарлар мен фильмдер көреміз. Қазақ тілінде шыққан газет – журналдарды көптеп жаздырып оқимыз.

Мен ана тілім – қазақ тілін сүйемін, құрметтеймін. Тәуелсіз Қазақстанның азаматы екенімді мақтаныш етемін. Тәуелсіз еліміз, мемлекеттік тіліміз әрқашан жасай берсін!

4 «б» сынып оқушысы

Досходжаева Аружан.

Опубликовано: 19 Сентября, 2011 05:09, Просмотров: 908