16 желтоқсан.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.Осыдан 21 жыл бұрын,1991 жылы 16 желтоқсанда Республикамыз өз Егемендігін жариялады.

Бірақ, осы күнге жетелеген оқиға осыдан 25 жыл бұрын, 16 желтоқсан күні басталып еді.

            Сол кездегі үкімет басшысы Қонаев атамыздың орнынан алынып, Колбин деген мәскеулік бір орыстың ел билейтінін естіген бір топ қазақ жастары наразылығын білдіріп, алаңға шықты.Олар Лениннің «әр ұлттың өз басшысы болуы керек» деген қағидасын ұстанып, өздерінің келіспеушілігін білдірді.  

        Бейбіт шеру – қанды қырғынмен аяқталды.Алаңға шыққандар оқудан шығарылды, сотталды, атылды, қуғынға ұшырады.Осы оқиғадан соң мызғымас, берік 15 республикадан тұратын Советтер Одағы ыдырай бастады. Арада 5 жыл өткенде, Қазақстан да тәуелсіз мемлекет атанды. Ата-бабаларым аңсаған, сол үшін  талай жас өмірін қиған – Тәуелсіздік таңының атқанына биыл 21 жыл. Бұл өлеңім – Тәуелсіздік құрбандарына арналады.

            Желтоқсан жаңғырығы.

Желтоқсанның он алтысы, барыс жылы, сейсенбі...

Ауыр ойлар мазалайды, көтерпейді еңсеңді.

Неткен сұмдық, қазақ емес, шеттен келген бір орыс

Билемекші қазақ елін ! Басқармақшы кеңсеңді.

 

Келіспеді тек мұнымен арлы қазақ жастары

Қорықпады, шықты алаңға қосылды да бастары

Қарсы тұрды партияға, ойын ашық білдірді

Жеді таяқ, бас жарылды, жұлынды да шаштары.

 

Арқалады болса да ауыр, тәуелсіздік нар жүгін

Көрсетті де азаттықтың, еркіндіктің даңғылын

Елі үшін, жері үшін өмірін де қиятын

Дәлелдеді жер бетінде «қазақ» ұлтты барлығын.

 

 6 «Г»сынып оқушысы Омар Әділжан

Опубликовано: 15 Декабря, 2011 10:33, Просмотров: 1392