Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл.

Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің және егемендігінің мерейтойы. Бұл оқиға әр Қазақстандық үшін өте маңызды деп ойлаймын. Осы мемлекетте қанша адам, қанша ұлт тұрса да, олардың бәрі достықта, бірлікте, ынтымақта тату‑тәтті өмір сүреді.

Ол бір адамның қызметі емес, ол, біріншіден, Н.Ә.Назарбаев елбасымыздың және халықтың зор еңбегі. 20 жылдың ішінде кең байтақ жеріміз кұрылып, өсіп, дүниежүзілік деңгейге деін дамып, гүлденіп  шықты. Нәтижесі, көріп отырғанымыздай, өте жақсы, біздің елімізді тек қана жақсы жағынан әлемнің әр бір бұрышы біледі. 20 жыл – аз уақыт, бірақ оған қарамастан Қазақстан өмірінде қиындықтар да болған, сонымен қатар жақсылық та, мейрамдар да, бақыт та, қызықты, қуанышты оқиғалар да болды. Отанымыздың әр тұрғыны бұл мерекені қадір-қаситпен қарсы алды.

         Әрине, біздің мектеп жағында қалған жоқ, сондықтан, концерт берілді. Гимназиямыздың оқушылары өз өнерін көрсетті. Біреудін әнін, күйін тыңдағанда қазақ даласы, табиғаты көз алдына келеді. Басқанын биін көргенде қазақ өнерін есіне аласын. Сахнадағы әр ойын қазақтың рухани байлығын көрсетеді. Қатысушылардың бәрі жанынан, таза жүрегінен бізді құттықтады. Оларға қарап отырғанда: «Шіркін, осындай мемлекетте туылғаным қандай жақсы!» - деп ойлайсың. Сол үшін, салтанаттын ұйымдастырушыларына да, қатысушыларына да үлкен рахметімізді және ризашылығымызды білдіреміз.

         Ал, тілегім осындай: Отанымыз 20 жыл емес, 50 емес, мың жасасын. Бұдан да әдемі, күшті, мықты, белгілі болсын! Тәуелсіздіктің 20 жылы Құтты болсын!!!

 Ержанова Мадина 9А

Опубликовано: 19 Декабря, 2011 11:52, Просмотров: 1307