Абай Құнанбаевқа арналған іс-шара.


Абай Құнанбаев белгілі ақын,жазушы,ойшыл және философ. Ол қазақ елің өз өнерімен бүкіл әлемге танытқан. Оның өлендері жан-сезіммен толы. Абай түрлі тақырыптарға жазған: махабат, табиғат, жалпы өмірдің шындығы мен өмірмен байланысты жағдайлар туралы.Абай Құнанбаев әр қазақтың жүрегінде мәңгілікке қалады.
13 сәуірде біздің мектепте Абайға арналған іс-шара өткізілді.Сахнада әр оқушы өз өнерін көрсетті. 8«В» сыныптың оқушысы Ақылбек Ақерке Абайдың өлендерінің әр сөздің мағынасын өз «бұлбұл» дауысымен бізге жеткізді.

Алексеева Жаннаның мәнерлеп оқығанын ешкім ұмытпас. Ким Сергей әр көрерменді күйімен таң қалдырды. «11»сыныптың бітірушісі Бурмакина Дарья - мектептің мақтанышы Абайдың өлендерін жатқа айтып бізді қуана етті. Бұл керемет мейрамды өткізгендер: Ержанова Ляйля (8«А»), Тараненко Антон(8«Б»),дайындаған: қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Айнура Бостамбековна.
Біздің заманымызда осындай іс-шараларды өткізуге өте керек деп ойлаймын.



Ержанова Мадина, 8 «А»

Опубликовано: 19 Апреля, 2011 13:28, Просмотров: 4607