"Тілдер мерекесіне" арналған апталықтың өтілу барысы жайында мәлімет

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

     Әр адам өзінің тілін шыр етіп етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді.
     №40 гимназияда 5-13 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған тілдер апталығы өтті. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің ұстаздары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
     Тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде елдің бірлігі артқандай. Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары. Ұстаздардың басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Джумажанова Н.А., Кульжанова З.С., Тельгазиева А.Б. 9-11 сынып оқушыларымен "Жаңа қазақ әлипбиі-рухани жаңғырудың бастауы" атты облыстық жаппай диктант жазу акциясына қатысса, Умиралиева Д.Т. мен Ордабекова А.М. 7-8 сынып оқушылары арасында "Тіл -достықтың көпірі" атты эссе байқауын өткізді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай 2-11 сыныптар аралығында мәнерлеп оқу сайысы өткізіліп, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
     Қорыта келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп сенеміз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов "Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма? " - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кемелбекова Балжан Абитбеккызы

Опубликовано: 17 Сентября, 2019 04:48, Просмотров: 7363