Менің Отаным – Қазақстан.


Әрбір адамға туып өскен Отаны қымбат. Сіздердің назарларыңызға
6 сынып оқушыларының өз Отаны туралы жазған тырнақалды туындыларын ұсынамыз.
Менің Отанымның елбасы -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Менің тұратын жерімнің ұлттық рәміздері – Мемлекеттік Ту,Елтаңба және Әнұран. Мемлекеттік Тудың түсі көгілдір,ортасында шұғылалы күн және қалықтап ұшқан құс пен ұлттық өрнек алтын бояумен берілген.Мемлекеттік Елтаңбаның ортасында шаңырақ, жан-жақтарында екі ат және астында үлкен әріптермен Қазақстан деп жазылып тұр.
Менің Отанымның Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстанда тұратын барлық тұрғындар қазақша білу керек. Егер олар қазақша жақсы білсе, олардың болашағы жарқын және ашық болады.
Менің Отаным маған ыстық әрі қымбат. Мен жырақта жүрсем, көруге асығамын, сағынамын.Мен өз Отанымды өте қатты жақсы көремін! Отанымды алдыңғы қатарлы елдердің қатарында көру үшін жақсы оқып, көп еңбектеніп, өз үлесімді қосуға бар күшімді саламын.

Алуадинова Айбике. 6 «в» сынып оқушысы.

Опубликовано: 22 Января, 2010 07:08, Просмотров: 5005