Балдырғандар көп біледі ертегі...

   Балаларға халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең жақыны ол – ертегі. Оқушыларды  жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жирендіретін, тәрбиелі болып өсуіне сәби кезінен септігін тигізетін ертегінің кімнің де болсын өмірінде алар орны ерекше. 

     Ағымдағы жылдың сәуір айының 23 жұлдызында №40 гимназия шаңырағында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасында "Ертегілер елінде" атты фестиваль өтті. Мектеп сахнасында "Адал бала", "Түлкі мен бөдене", "Алдар Көсе мен жылан балық", "Жыл басына таласқан жануарлар", "Алма", "Кемпірқосақ" атты ертегілер көрермендер назарына ұсынылды. Музыкалық және қызыққа толы қойылымдарды тамашалай отырып, оқушылар түрлі ойындар ойнап, шығармалардың атауын тапты.
"Ертегілер елінде" атты мерекелік іс-шараға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Өздерінің өте тапқыр, алғыр және білгір де ойшыл екендіктерін көрсете білді.
     Ертегі- халқымыздың асыл қазынасы, оны оқып, ертегідегі шыншылдықты, адалдықты, еңбекті сүю керек. Бұл өшпес зор туындылар, қызықты жобалар бала болашағының мәнді, мақсатты көзқарасын тудырары сөзсіз. Сондықтан да бізбен бірге ертегілер әлеміне саяхат жалғаса бермек!

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

 

Опубликовано: 27 Апреля, 2019 08:11, Просмотров: 8886