Тәкен Әлімқұловқа 100 жыл

     Қазақ Әдебиетінің классик жазушысы Тәкен Әлімқұлов, алпыс әңгіме, жеті хикаят,екі роман, үш өлеңдер жинағы, қаншама сын мақала жазған жазушы.
"Орыс қызға ғашық болған Тәкен Әлімқұлов көкеміздей-ақ болсын. Көп жылдар Мәскеуде тұрды. Жазушылар одағының Мәскеудегі өкілі болды. Өте беделді адам болатын. Бір күні домбыра тартып отырғанда: "Тарт әрі, андағы жабайылардың аспабын", – депті әйелі. Сонда Тәкең домбырасын алып, әйелін тастап кете барыпты".

     Бұл әңгімені Дулат Исабеков айтқан екен. Тірісінде елден ерек ғұмыр кешкен, ешкімге ұқсамаған Тәкен Әлімқұловтың аңызға бергісіз тағдыры бар. Өмірден өткеніне ширек ғасыр болса да, ол жазушы "ескіріп" қалған жоқ.
     Жүзшілдіктен қашқанмен, Тәкенде туған жерге деген махаббат сұмдық болыпты. Тәкен Әлімқұлов ауылында жүргенде де, азапты аз көрмеген. Ол кісінің заманында әліпті таяқ деп білсе, алғырлығы болса, қызмет қолдың кіріндей болған ғой. Ешқандай жоғары оқу орнын тауыспай-ақ ауылда есепші болған. Тіпті, сол есепшілігінен қате жіберіп алып, сотталып кете де жаздаған. Одан Шымкентке келіп, облыстық газетте журналист болып істейді. Өзіне білім керек екенін түсініп, көп ұзамай Алматыға келеді. Мұнда да көп тұрақтамай, Мұхтар Әуезовтің тілдей қолхатымен Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтынан бір-ақ шығады.
     Тәкеннің Музасы Мәскеуге барғанда Муза Григорьевнамен табысады. Сөз басында Дулат ағамыз айтқан орыс әйелі – осы. Муза Григорьевнадан  Тәкен ағамыздың Жаннета есімді бір қызы бар. Тәкен ағамыздың Есімгүл апайдан Алма, Рауан есімді қызы мен ұлы бар. Алма дипломат, ал Рауан қаржыгер-экономист. Рауаннан Наиль, Алмадан Алтынай есімді немерелері өсіп келеді. Ал Қалихан Ысқақ: "Тәкеңнің қолы қазымыр еді. Оның  мінезіне, тіліне бітпеген қазымырлық қолы мен қаламында болған. Олпы-солпы дүниелерді қара сиямен сызып отырып редакциялайтын әдеті.
     Тәкен Әлімқұлов Есенғали ағамыз айтпақшы, қазақ прозасына биіктен қараған. Кез келген классикпін деп жүрген жазушыны тас-талқанын шығарып сынау тек осы Әлімқұловтың қолынан келген шығар. Аты бар жазушы деп елпең қағып, құлай кету табиғатында болмапты. Тіпті, Мәскеуге келіп қонақүйде жатқан Ғабеңе (Ғабит Мүсіреповке) амандасайық дегенге: "Менің Ғабит ауруым жоқ! " – деп сөзін бір-ақ қайырыпты. Бұл оның Ғабеңді менсінбей қойғаны емес, гәптің бәрі сол мінезінің иіліп көрпе, жайылып жастық болмайтындығында.
Тәкен Әлімқұлов өзін ақын сезінген жан. Поэзияны керемет жақсы көрген. Қазақта Абайға, орыста Лермонтовқа "өлердей ғашық" болған. Өзінің де бірді-екілі поэзиялық жинағы шыққан.
     Тәкеннің сүйегі өз өтініші  бойынша Қаратаудың  етегіндегі өзі туған  Бабата ауылына жерленген.. Тәкенді жерлеп жатқанда, басымды төменнен жоғары көтеріп едім, саған өтірік, маған шын – ақбоз ат бастаған бір үйір жылқы Қаратаудың етегінде жосып барады  екен. Тәкеннің жақсы көрген жылқылары қоштасуға келгенін қарашы сонда…" Бұл Есімгүл апамыздың көргені.

Қасқайған мінезі мен тұғыры биік шығармалары бар Тәкен Әлімқұловтың өмірінің келер ұрпаққа үлгі болар тұстары көп ақ, ақын-жазушыларымызды барында бағалайық!

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ордабекова А.М.

Опубликовано: 26 Сентября, 2018 04:16, Просмотров: 5613