Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі

Ағымдағы жылдың 7-қыркүйегінде Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесі аясында мектебімізде "Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының ұстаздары қатысты. Аталған шараның ұйымдастырушылары тіл мамандары  Г.Т.Есимова, М.И.Қобландина және Э.И.Идрисова болды.

     Дөңгелек үстел барысында мелекеттік тілге қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Атап өтер болсақ, "Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жайы қандай", "Мемлекеттік тілдің дамуын тежеп тұрған не", "Жаһанданудағы тілдің көрінісі, орны қандай болуы керек". Міне, осындай мәселелер төңірегінде ұстаздар қауымы өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.
     Жиын кезінде сөз сөйлегендердің бірі –"Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының ұстазы З.С.Құлжанова болды. Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда – деді З.С.Құлжанова.
     Ал тіл маманы Ғ.Т.Алтынбаева: "Қай ұлттың болса да өзіне тән, өзі қадір-құрмет тұтатын ана тілі бар. Тіл – ұлттың басты белгісі. Тілі жойылса, ұлт та жойылады. Тілі дамыса, ұлт та кемелдене түседі. Қазақ тілі – өте көне заманнан бері қолданыстан түспей келе жатқан аса бай, көркем, баламасы көп, айтуға жеңіл, мағыналы, мәнді тілдер қатарына жатады. Оны мақтан етуге тиіспіз" - деп өз ойын ортаға салды.

Жалпы, жиында айтылған ойлардан түйгеніміздей, бүгінде мемлекеттік тіл мәселес өзекті мәселеге айналып отыр.Баршамызға ортақ тіл мәселесі қашан да ұлтының келешегін ойлайтын азамат үшін маңызын жоймақ емес. Міне, осы мақсатқа қол жеткізіп, соның жемісін көру үшін қаймақ бетінде жүрген білікті тіл мамандары аянбай тер төгуі керек. Дөңгелек үстел шарасынан осындай ой түйдік.

Қазақ тілі  мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдикеримова А.Ж.

Опубликовано: 10 Сентября, 2018 11:09, Просмотров: 6369