Ең үздік жас маман - 2018

2018 жылдың қаңтар айының 17-18 күндері №5 мектеп-гимназиясында қалалықң үздік жас маман" байқауы өтті.

Жалпы 18 қатысушы сайысқа қатысты. 1-турда эссе, тест және жағдаят шешу болды. 2-турға 15 қатысушы өтті. Келесі күні жас мамандар күнтізбелік жоспар тақырыбы бойынша сабақ берді. Сонымен қатар, портфолио, оқушының портфолиосы, дидактикалық материалдар және элективті курс бағдарламаларын таныстырды.
Жас мамандар арасындағы сайысқа №40 гимназиядан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Раймқұлова Ақтоты Азаматқызы қатысты. Ақтоты сайыс барысында өзін жоғары деңгейде көрсетіп, Гран-при дәрежесін жеңіп алды. Өзінің жұмысы арқылы Жас маманымыз бүкіл №40 гимназияның ұстаздарының деңгейін көрсетті.

Ақтотыға шығармашылық шыңырау мен телегей табыстар тілейміз. Алда жеңістер көп болады деп сенеміз.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Опубликовано: 23 Января, 2018 07:23, Просмотров: 2593