"Жауқазын қыз"

7 "В" сынып оқушысы Асқарова Іңкәр 22.12.2017 күні №45 гимназияда өткен майдангер - жазушы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының 107 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған қалалық «Батыр Бауыржан – рух пен намыс төресі» атты байқауына қатысып, арнау бөлімі бойынша 1-орынды иеленді. Тек қана өлең арнап қоймай, өзінің нәзік, талдырмаш қыз сипатымен әртістік қабілетін жоғары деңгейде көрсете білген Іңкәр өзін жоғары деңгейде көрсетті. Бұрын соңды бұндай қабілетімен танылып көрмеген "Жауқазын қызға" шығармашылық табыстар тілеймін!

Қанды қағаздағы өртті өлең
Батыр жайлы бала жүрек толғаса,
Жүрек үні жалынменен жалғасар.
Өртті рух пен өшпес қайрат, ожданын
Жырлар болсам аздық етер он ғасыр.

Көл-көсір боп көлкігенде қаңсық қан,
Жан-жағынан жүздеп, мыңдап жан шыққан.
Батырымның бауыр еті езіліп,
Қиналғаннан қан сімірді торсықтан.

Снарядтар айналада атқылап,
Ажал айдап аранына ашқұрсақ.
Жатқанында мысын баса алмаған,
Керісінше, меселдеткен қасқыр сап.

Өз жанынан өз елінің құны артық,
Қорғау үшін қан кешуге құмартып.
Ол – Бауыржан, батыр ұлы Момыштың,
Топырағын тағып алған тұмар ғып...

Тасқындап кіл, толқындайтын бұйралап,
Бабамыздың арқасында бұйырған бақ.
Көңіліміз көк майсадай, көлбеу күн,
Күй шертуде күңірентіп күйтабақ...
                                       Асқарова Іңкәр 


Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының мұғалімі Раймқұлова А. А.

Опубликовано: 23 Декабря, 2017 07:12, Просмотров: 1532