Тақылдаса таңдайым...

Тәуелсіздік таусылмайтын байлығым,
Өзің барда жарқын менің Ай-Күнім.
Сенің таңың атқанында қызарып,
Жүрегіме орныққандай жайлылық.

Барлығымыз қуанамыз бұл күні,
Жайнағандай даламызда қыр гүлі.
Егемендік жалғассын мәңгілікке,
Еліміздің бұзылмасын бірлігі.

Біз – болашақ жастарымыз ақылды,
Жалындатар жалын атқан жарқылды.
Еңбек етем елім үшін аянбай,
Көтеремін көк жүзіне халқымды!

 5 "Д" сынып оқушысы Прокопов Никита

Опубликовано: 15 Декабря, 2017 06:49, Просмотров: 1341