Менің сүйікті ұстазым

Ұстаз бейнесі - шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сәуіп, нұр құятын қуаттың қайнар көзі. Ол - сезім мен нұр шашар сәуле. Келешек үшін тырмысып, жан аямай күрескен, өз бойындағы пенделігін жоя білген жан. Ұстаз - өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сарп етуге бел буған періште. Шәкірттің жүрегінде мәңгілік із қалдырған ұстаз бейнесі қандай мейірбан, қандай сұлу десеңізші? Сол періштелердің бірі қазір менің бала жүрегімде нық орын алған.

Ол ағылшын тілі мұғалімі- Тильманбетова Рабиға Кеңесбайқызы. Ол мұғалімнің маған ұнайтын себебі: ол сабақты өте жақсы түсіндіреді, және бұл менің сүйікті пәнім. Маған осы мұғаліммен жұмыс істеген ұнайды. Рабиға Кеңесбайқызы білімізді көрсететін қызықты ашық сабақтар өткізеді. Ол кісімен ағылшын тілін және ағылшын мәдениетін үйрену қызықты. Біз түрлі олимпиадаларға қатысамыз және байқауларға арналған өлеңдер жазамыз. Мұғалім бізді жақсы көреді.

«Арманның асқарына ұмтылған жас»,- деп Әлімқұлов айтқандай, біз әр жыл сайын санамыз өсіп, азамат болуға ұмтыламыз. Сол кезде бала қиял кейде  қол жетпес арманға қанат сермейді. Осы жолдағы алмыздан шығатын кедергілерден сүрінбей өтуге, алға қойған мақсатымызға жету үшін күресуге де үйрететін  ұстаз.
Біздерде күндердің күні мектебімізді аяқтап, өз жолымызды тауып, қарлығаш болып алтын ұя мектебімізбен қоштасамыз. Алайда, бұл орын біз үшін қасиетін ешқашан жоғалтқан емес. Өйткені, ұстазымыздың, мектебіміздің бейнесі мәңгі санамызда сақталмақ.

"Сөз маржаны" факультативінің мүшесі 10 "Б" сынып оқушысы Любимова Елена

Опубликовано: 26 Октября, 2017 06:53, Просмотров: 4946