Менің мектебім

 Мектеп - бұл тәуелсіз өмір үшін алғашқы қадам. Өйткені,  бірінші сабақ, бірінші жеңіс, бірінші  жеңіліске ұшырап, бірінші махаббатты басымыздан өткереміз. Біз мектепке ұяң, ұялшақ және біліксіз болып  келеміз. Бізді ата-анамыз қолымыздан жетектеп бірінші ұстазымызға тапсырады. Алғашқы ұстазымызбен қаншама бақытты сәттерді өткіземіз, ол кісінің  мейірімі мен даналығын көреміз. Ол біздің екінші анамыз іспетті. Мұғалім бізді тек оқуға және жазуға үйретіп қана қоймай, бір-бірімізді қадірлеп дос болуға, адал болуға үйретеді. Өйткені,  мектеп тек жалпы білім беру орталығы ғана емес, бұл өмір мектебі. Біз мұнда маңызды нәрсені білеміз: адал, мейірімді дос болуды, алдына мақсат қоя білетін, ұйымшыл команда болуды. Мұғалім тек үйретуші ғана емес, адал дос, дұрыс жолға түсіріп бағыт беретін бағыттаушы. Мұғалім жалқаулықты, тәртіпсіздікті жеңуді, біге қол жеткізген жетістіктерімізге қанағат етіп тоқтап қалмай алға жылжуды үйретеді.

Мектеп бізге қолдау көрсетеді, жылулық пен қуаныш сыйлайды. Балалар үшін жайлы атмосфера орнатады. Мектепте ән айтылып, би билеп, өлеңдер оқылады, сахналық көріністер қойылады, түрлі іс-шаралар өткізіледі. Әрбір баланың өз талантын өзгелерге көрсетуге мүмкіндігі туады. Біз уақытымыздың көбін метепте өткіземіз. Өміріміз мектеппен тығыз байланысты.Тіпті,  үйде болғанымызда да әңгімеміз мектеп жайлы.
Ата-аналарымыз кейде бізді ұстаздарымыздан қызғанып жатады. Бірақ, олар отбасы мен  мектеп бірлестігінің маңыздылығын түсінеді. Себебі, бұл екі маңызды орта өзара әрекеттескенде  ғана ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Мектептің маңыздылығы, оның   адам тағдырын айтарлықтай анықтауында. Мектеп  қанат беріп, бізді ұшуға үйретеді, ал ұшудың дұрыс жолын біз өзіміз таңдауымыз керек.
Жылдар өтеді. Біз мектепті, мұғалімдерді, сыныптастарымызды еске алып, естеліктерімізді  балаларымызға айтып береміз. Бұл естеліктерміз  өте жарқын болады, өйткені мектепте өткен жылдар, адам өміріндегі ең  керемет жылдар деп ойлаймын!

"Сөз маржаны" факультативінің мүшесі 10"Б" сынып оқушысы Токсанбаева Алина

Опубликовано: 26 Октября, 2017 06:40, Просмотров: 1031