"Жастар ресурстық орталығының" ұйымдастыруымен өткен "EXPO-2017"

№40 гимназияның 9 «В» сынып оқушысы Тогайбаева Мария және 7 «В» сынып оқушысы Машаров Алдияр  20.09.2017 күні «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен «EXPO-2017: болашақ энергиясы!» тақырыбындағы жас ақындар мүшәйрасына қатысты. Оқушылар өз өлеңдерін жоғары деңгейде оқып, алғыс хаттармен марапатталды.Жас ақындар әлі көптеген жарыстарға қатысып, биік шыңдарды бағындырады деген үміттемін. Назарларыңызға Тогайбаева Мария мен Машаров Алдиярдың туындыларын ұсынамын.

                              Маңызды күн

                    Күнтізбе ерек күнге кіл толықты,
                    Тарихқа айтулы сәт дәл орнықты.
                    ЭКСПО – болашақтың энергиясы
                    Ауқымды бағдарлама аса мықты.

                    Көрініп күн қуаты көкжиектен,
                    ЭКСПО-ны барша ел сөз жиі еткен.
                    Абыроймен атқардық үш жаз айын,
                    Үміт артар себеп көп зор ниетпен.

                    Шартараптың жинап бар тапқыштарын,
                    Еліміз дәрежесін нақ ұстады.
                    Әлемнің кіндігінде қазақ елі,
                    Төбеде қалықтаған бақ құстары.

(Тогайбаева Мария )

Халқыма қызмет етемін!

Болашақтың бұлағы,
ЭКСПО – менің ұраным.
Таң қалған әлем айқара,
Керемет көрме тұр әне.
Жырағы менен жақыны,
Толассыз келді ағылып.
Энергия көзін тапқаннан,
Жатқандай үміт жағылып.
Қуандым қазақ елімен,
Болмысы берік темірден.
Болашағымыз жап-жарық,
Қарай аламын сеніммен.
Бақ, үміт сыйлап келешек,
Келешекке біз берешек.
Халқыма қызмет етемін,
Болғанда тұлға ересек!

(Машаров Алдияр) 

Опубликовано: 24 Сентября, 2017 07:43, Просмотров: 965