Қоңырау үні

     Қоңырау үні. Бұл үн білім кемесі – мектеп қабырғасынан шыққан әрбір адамның құлағына таныс, жүрегіне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, білім алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, сонғы қоңырау үні – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендерді арман биіктеріне ұшырып, ең үлкен өмір мектебіне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуені сәтімен ыстық.

     Еліміздегі игіліктердің барлығы елдің болашағы – жас ұрпақтың келешегі жарқын болуы үшін жасалып жатқанын баяндайды. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген, сендер қайда жүрсеңдер де туған ауылымыздай сынды келешегі кемел, өрісі кең құшақтан шыққандарыңды ұмытпауға, туған жер, өскен орталарыңды мақтан етуге тиіссіңдер Туған жеріміздің мәртебесін арттыратын сендерсіңдер,  жас түлектер! Қадамдарыңа сәтті сапар, өмірлеріңе құтты қадам тілейміз.

Алтынбаева Г.Т.
Қазақ тілі кафедрасы

Опубликовано: 26 Мая, 2017 05:27, Просмотров: 1284