21 ғасыр көшбасшы

15.05.2017 күні  №40 гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Есеналиева Шолпан Аманқұлқызының жетекшілігімен 6-сыныптар арасында қазақ тілінде «ХХІ ғасыр көшбасшысы»атты  зияткерлік сайысы ұйымдастырылып, өткізілді. Сайыстың мақсаты:  ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интелектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру. Оқушыларының өз еліне, туған жеріне, тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру. 

Сайысқа 6  ойыншы қатысты. Олар:

  1. Мостовая Даша 6 «А»
  2. Хидриева Раяна 6 «Б»
  3. Цой Анастасия 6 «А»
  4. Загородникова Валерия 6 «Г»
  5. Колесникова Вероника 6 «Б»
  6. Каюмова Диана 6 «Г»

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды сайысы 5 асудан тұрды.

1 тур. Бәйге
2 тур. Дода
3 тур. Көкпар
4 тур. Таныс тұлғалар
5 тур. Жорға

Сайыс барысында көрермендер мен сайыскерлер үшін концерттік нөмірлер де ұйымдастырылған. 6-сыныптар арасында өзінің ерекше дауысымен көзге түсетін Лукаш Вероника «Туған ел» әнімен тербетсе, флейтада  «Қамажай» әуенін ойнап Ким Альбина барлығын билетті.

1-турда сайыскерлер 10 сұрақтан тұратын тест сұрақтарына жауап берді.
2-турда ойыншылар ұяшықтағы деңгейлік сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинады. Осы турдан кейін ұпайы аз 2 қатысушы ойыннан шықты.
3-турда берілген мақалды аяқтау  керек болатын.
4-тур – «Таныс тұлғалар». Бұл турда берілген анықтама бойынша сайыскерлер жасырын тұлғанын кім екенін табуы керек. Бұл сайыстан кейін де ұпайы аз 2 қатысушы ойыннан шеттетілді.
5-тур финалда 2 сайыскер қалды. «Жорға» асуында 2 сайыскер бір-бірінің жауабын естімей, 1 минут ішінде 15 сұраққа жауап беруі керек болатын. Жылдамдық пен ептілікті қажет ететін бұл асуда 6 «А» сынып оқушысы Цой Анастасия үздік танылып, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атанды.

Жеңімпазды марапаттау үшін директордың орынбасары Тельгазиева Айнұр Бостанбекқызы шығып, жас сайыскерлерге өзінің ізгі тілектерін білдірді.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды сайысы өте жоғары деңгейде өтті. Қазақ тілінде болып жатқан «тұсаукесер» есебіндегі бұл сайыс келесі сайыстарға жоғары деңгей қойып берді.

Опубликовано: 21 Мая, 2017 05:04, Просмотров: 1198