Жамбыл Жабаев мақала

13.05.2017 жылы № 40 гимназияда Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған Аубекова Нұргүл Жексенбекқызының ұйымдастыруымен  «Жыр алыбы - Жамбыл» атты әдеби кеш өткізілді. 

Кеш мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге жетелеу. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәрбиелеу. 

«Жыр алыбы - Жамбыл» атты әдеби кеш жас Жамбылдың Сүйінбай ақыннан бата алуымен басталды. Кеш барысында ақынның бірнеше өлеңдері мәнерлеп оқылды, айтыстан үзінді келтіріліп, әнмен әрленді. Көңіл тебірентер күйімен 8 «А» сынып оқушысы Сүлейменов Санжар барлығының назарын аударды.

Кеш Жамбылға арнау өлеңмен аяқталды.  Кеш қонақтары өз жылы лебіздерін білдірді. 

Опубликовано: 21 Мая, 2017 04:45, Просмотров: 1054