Жеңіс күні жасасын!

 Отан үшін отқа түс – күймейсің!
Б. Момыш-ұлы

Көптен күткен 9-мамыр – жеңіс күні мерекесі деп келіп жетті. Жеңіс күні – бұл  мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – біз үшін де ұлы мереке!  9 мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығы! Бұл күнді ешқашан ұмытпай есте сақтаймыз, себебі  Ұлы Отан соғысы біз  үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Сол бір сұрапыл соғыс жылдары біздің ата-әжелеріміз – бүгінгі күннің ардагерлері, қасық қаны қалғанша жаумен шайқасты. Сол ардагерлеріміздің табандылығы мен ерлігі, Отанға деген сүйіспеншілігі  қатал соғыста Жеңіске жеткізді.  Біздің  оларға алғысымыз шексіз!  Өйткені біз осы ардагерлеріміздің ерен еңбегінің арқасында бүгінгі күні бейбіт өмір сүріп келеміз. Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып бара жатқаны өкінішті.

Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Сондықтан да бұл Ұлы мереке.  Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы. 
Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі.

 Темірбекова Әсел 6 «А» сыныбы

Опубликовано: 6 Мая, 2017 12:53, Просмотров: 1284