«Жыл жүрегі - Наурыз» ертегісі

Наурыз мерекесінің қарсаңында, дәлірек айтсақ, 19 наурыз күні біздің гимназиямызға Облыстық драма театрының әртістері «Жыл жүрегі - Наурыз» атты салт-дәстүрді насихаттайтын  ертегісімен келді.

Әсем көстюм киген әртістер барлығын мерекемен құттықтады. Балалар ойындарға қатысып, би  биледі. Бәрінен де «Асық жина» ойыны қызықты болды: балалардың көздерін байлап, асықтарды жинатқызды және сол асықтармен олар үлкен кісілерді құттықтады. Алдар  Көсе мен байдың қатысуымен өткен сахналық көрініс қызықты болды. Барлығы да өте тамаша өтті, әттең балалар би билеуде сәл ұяңдық танытты.

Васильева Надежда, 4В сынып.

Опубликовано: 25 Марта, 2014 07:44, Просмотров: 1001