Шешендік өнер байқауы

13 қарашада  Төле би атындағы № 8 мектеп-гимназия базасында Ұлы бидің 350 жылдығына арналған ақындар сайысы өтті. Байқауға қаламыздың мектептерінен қырықтан аса оқушылар қатысты. Біздің гимназиямыздың намысын екі оқушы: Глущенко Надежда (8 А сынып) мен Синяева Аделина (11 В сынып) қорғады. «Төле би-тура би, сөз сардары» номинациясында  Глущенко Надежда III – орын, ал «Төле бидің толғаулары» номинациясында Синяева Аделина  II – орын иеленді.

Байқау туралы толығырақ ақпаратты біздің тілшіміз жеңімпаздардың бірі – Синяева Аделинадан біліп қайтты.

- Сәлеметсің бе, Аделина! Жеңісің құтты болсын! Байқау туралы біраз айтып берші.

- Сәлеметсің бе! Құттықтау сөздерің үшін рахмет! Байқау расында да жоғары деңгейде өтті. Ең алдымен біз 8 гимназия оқушыларының орындауындағы Төле би шығармаларын тыңдап, содан кейін солардың қатысуымен өткен сахналық көріністі тамашаладық. Сахналық костюмдер, дауыстар осының бәрі, әрине көрермендерді өте қызықтырды. Содан кейін байқау басталды. Біз Төле би шығармаларын тыңдап отырып, оның Ұлылығының  шексіз екендігіне тағы да көз жеткіздік.  Барлық қатысушылардың дайындық пен орындау  деңгейлерінің  жоғары болғандығы сонша, тіпті біз жеңіске жетеміз деген ойымызға бір сәтке күмән келтірдік. Әрине, жеңімпаздарды марапаттау кезінде біздің атымыз аталған сәтте қуанышымызда шек болмады. Бізді осы байқауға дайындаған ұстаздарымызға алғыс білдіргіміз келеді.

- Сұхбат бергеніңе рахмет! Сендердің бұдан да биік шыңдардан көріне берулеріңе тілектеспін!

Дё Юлия, 9 Б сынып

Опубликовано: 18 Ноября, 2013 07:52, Просмотров: 1032