«Тіл – халық жанын танудың кілті» атты қалалық байқауы.

28 қазанда 25 мектеп базасында қаламыздың орыс тілді мектептерінің қатысуымен қазақ тілінен қаллық байқау өтті. №40 гимназия атынан Н.А. Жұмажанованың жетекшілігімен 8 А сынып оқушысы Глущенко Надежда қатысты.

Байқау төрт кезеңде өтті . Бірінші кезеңде сайыскер алдын ала дайындалған презентацияны қолдана отырып, өзі және ана тілі туралы айтып шығуға тиіс. Екінші кезеңде қатысушыларды екі-екіден отырғызып,  берілген тақырып бойынша әңгіме құру тапсырылды. Үшінші кезең ең қиын кезең боды. Үміткерлер 25 минут ішінде «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» атты тақырыбына шығарма жазуға тиіс болды. Сонымен қатар, осы шығармаға орыс және ағылшын тілдерінде қорытынды жазу керек. Төртінші кезеңде сайыскерлер өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетті. Сайыс барысында қатысушылар шағын көрме көрсетулеріне тиіс болды. Байқау нәтижелері бойынша біздің оқушымыз Глущенко Надежданың  алғашқы үштік қатарында екендігі анықталды.  Надежданың  айтуынша, оған  бірінші орынды иелену үшін бар болғаны  10 ұпай ғана жетпей қалды, дегенмен, 2-ші орын  жеңіс болып табылады.

Біз жеңімпазымызды шын жүректен құттықтап, оның бұдан да биік шыңдардан көрінуіне тілек білдіреміз!

 

Оспанов Берик

8а сынып

Опубликовано: 1 Ноября, 2013 04:44, Просмотров: 916