8Б сынып оқушысы Дьяченко Авелинаның қала күніне арналған «Менің сүйікті қалам»атты шығармашылық жұмысы.

Әлемде екі мың жылдық тарихы бар қалалар саусақпен санарлықтай. Мен осындай тарихы бар, ежелгі қалада тұратынымды мақтан тұтамын. Атақты Омар Хаямның рубаяттарында,  менің туған қалам туралы жазылғанын оқығанда, көңілімде мақтаныш сезімі оянады. Мен өзімді тарихтың бір бөлшегі ретінде сезінемін, өйткені мен жүрген көшелерде тарихта қалған оқиғалар болған. 

Тараздың әрбір тасы, жері қасиетке толы. Орта Азия елдерінде әйел адамға арналған, махабатқа тағзым ретінде соғылған теңдесі жоқ ескерткіш, тек Таразда бар. Ол әрине Айша бибі кесенесі. Кішкентайымыздан Аиша бибі мен Қараханның махаббаты туралы естіп өскен, мына біздер, Айша бибі кесенесіне тағзым етуге барамыз.  «Тілеуіңді берген Тектұрмас» деген атпен тарихта орын алған, атақты Тектұрмас бабамызға соғылған кесененің алдынан күнде өту, мен үшін үлкен құрмет. Көптеген қазақстандықтар Тектұрмас бабамыздың кесенесіне барсаң, тілегің орындалады дегенге сенеді, сондықтан ба келушілерден кесененің алды босамайды. Артында ең көп ұрпақ қалдырған Мамбет бабамыздың кесенесіне қонсаң ұрпақты боласың дегенге де сеніп, кесененің басында қонушылар да бар. Бабаджа Хатун, Қарахан, Дәуітбек, Шоқа Датқа кесенелерін әр кезеңнің шеберлері тұрғызған, осындай ғажайып өнер туындыларына қарасаң көз тоймайды. Әбдіқадір, Үшарал, Нәметбай, Қара Қожа мешіттері сәулет өнерінің үздік нұсақалары екені сөссіз. Қаламызда, тарихта аты қалған, атақты адамдарға арналған ескерткіштер көп. Академик К.И.Скрябиннің ескерткіші және мұражай –үйі, М.Х. Дулатидің, Қолбасшы Қойгелдінің, Бәйдібек бабаның, Абай Құнанбаевтың, Жамбыл Жабаевтың, Бауыржан Момышұлының, А.С. Пушкиннің, С. Есениннің,  Жазылбек Қуанышбаевтың, Ағаділ Суханбаевтың, Тұрар Рысқұловтың, Д.А. Қонаевтың, Қайрат Рысқұлбековтың және жақында ғана, өмірін біз үшін құрбан еткен Ғазизге арналған ескерткіштер біздің патриоттық сезімімізді оятады. Біз ешқашан олардың ерлігін ұмытпауымыз керек.

Қызыл гвардияшыларға, Ұлы Жеңіске арналған монументальды ескерткіштер, Жауынгер – Интернационалистерге арналған, саяси құғын сүргін мен ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштер біздің тарихымыздың қиын кездерін еске салады. Соғыс болмау үшін, біз, қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Осындай бейбітшілік өмір үшін Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевқа алғысымыз шексіз. Ал ғашықтар ескерткіші махабатты әрқашан қадірлеуді еске салып тұрады, өйткені өмір қас – қағым сәт. Бұл мен тұратын қаламның келбеті. Мен осындай қалада тұрғанымды мақтан тұтамын.

Опубликовано: 26 Сентября, 2013 04:30, Просмотров: 1281