Ұлы Жеңіске арналған ақындар байқауы.

9 мамыр мерекесі барлығымыз үшін қасиетті мереке. «Соғыс» атты суық сөздің сызды ызғары әр отбасына өз ізін қалдырып өтті. Мыңдаған адамдар майданға аттанды. Мыңдаған адамдар әскерді қару-жарақпен, азық-түлікпен және тағы да басқа қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін тылда жұмыс атқарды.

Отанымызды қорғауға  бүкіл халық бір жұдырық болып жұмылдырылып, бейбіт өмірді қайта орнатуға  ат салысты. «Осы Жеңіске біз қалай қол жеткіздік? Осыған біз лайықтымыз ба?»  деген сауалдарды кімде-кім болса да өзіне қою керек. Өз Отанын қорғау, өз Отанының патриоты болу – бұл бізге қалдырылған өсиет.  Кеңес Одағы әскеріне қарсы соғыста неміс-фашистері әскерінің капитуляциясы күнін атап өту мақсатында 9 мамыр мерекесі Жеңіс күні ретінде тойланады. Бәріміз қазақстандық жерлестеріміздің ерліктерін мәңгі есте сақтаймыз.

            8 мамыр күні мектебіміздің мәжіліс залында Ұлы Жеңіске арналған қазақ тілінде өлең оқу бойынша ақындар сайысы өтті. Осы байқауда Отанымыз туралы, жауынгерлердің ерлігі туралы көптеген өлеңдер айтылды. Байқауға қатысушылар толқығанымен, өз өлеңдерін өте тамаша, мақтанышпен, патриоттық сезіммен оқып шықты. Аталған іс-шара барлығымызға да батырларымыздың ерліктерін еске алып, өз алғысымызды білдіруге мүмкіндік берді.

Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды.

2 ауысым:

Бибосын Гумиста – 1 орын.

1 ауысым:

Якубова Тахмина – 2 орын

Рсымбетова Аселя – 3 орын

 

Осы іс-шараны ұйымдастырған мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз!

 

 

Якубова Тахмина, 10 «Б» сынып

Опубликовано: 10 Мая, 2013 05:02, Просмотров: 1199