Халық ертегілерінің фестивалі.

«ҚР халықтарының ынтымақтастығы күні» қарсаңында біздің мектепте алуан түрлі қызықты іс-шаралар өткізілді.

Солардың бірі 2-4 сынып оқушылары арасында қазақ тілінде өткен  «Халық ертегілерінің фестивалі» атты мерекелік іс-шара. Фестиваль барысында  сахнада  «Мақта қыз бен мысық», «Терем-теремок», «Бауырсақ» және тағы басқа ертегілері қойылды. «Терем-теремок»  ертегісін көрсеткен 2-ші сынып оқушыларының көріністері көрермендер көңілінен шықты. Әсіресе, жас әртістердің өз рөлдерін жоғары деңгейде сомдағаны көпшілікті таң қалдырды. Барлық ертегілер әнмен, музыкамен және әсемделген презентациялармен сүйемелденді.  Қызықты іс-шараны ұйымдастырып, өткізгені үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.И.Қобландинаға шексіз алғысымызды білдіреміз.

 

Нам Алина, 4 сынып

Опубликовано: 30 Апреля, 2013 04:36, Просмотров: 974