Домбыра — қазақ халқының жан сезімі, жан серігі.
Домбыра — көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас.Домбыра — қазақтың ішекті музыкалық аспабы. Басты мақсат жасөспірімдерге домбыра үнімен, домбыра сарынымен тегін білуге үйрету болды. Себебі домбыраның бойында ата-бабаның рухы жатыр. «Домбыра деген – қазақ, қазақ деген – домбыра» деген теңеудің жаны бар. Мектебімізде үш жылдан бері домбыра үйірмесі жүргізіледі. Мектебіміз орыс тілді. Мұнда тек қазақтың қара домалақ балалары ғана емес, өзге де ұлт оқушылары да қатысатындығы көз қуантады.