«Ұстаздық еткен жалықпас»
Ұстаз болу – баланың болашақ өмірінің кілтін қолға алу. Оларды өмірге дайындау, жақсыға жақындату, жаманнан алыстату, шындықты ұғындыру. Халқымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны білесің» - деген даналық бар. Өмірге бағдар беру, болашаққа нық сенімді азамат тәрбиелеу – ұзтаз парызы. Ұстаздық – қызық та, бейнеті көп мамандық. Ұстаз деген – өз уақытын аямаған, шәкірттеріне үйретуге жалықпаған еңбекқор жан.