
Гимназиям!
Гимназиям, гимназиям,
Білім алар, алтын ұям,
Бір өзіңнен әріп танып,
Бар жақсыны бойға жиям!
Гимназиям, гимназиям,
Ұстаздарға ілім құяр,
Білдіремін жылы тілек
Біткенінше қалам сиям.
Құтты болсын, гимназиям,
Туған күнің, алтын ұям,
Гүлденсін деп мәңгі бақи
Шоқ гүлдерді саған жиям!!!