Мектеп - бұл тәуелсіз өмір үшін алғашқы қадам. Өйткені, бірінші сабақ, бірінші жеңіс, бірінші жеңіліске ұшырап, бірінші махаббатты басымыздан өткереміз. Біз мектепке ұяң, ұялшақ және біліксіз болып келеміз. Бізді ата-анамыз қолымыздан жетектеп бірінші ұстазымызға тапсырады. Алғашқы ұстазымызбен қаншама бақытты сәттерді өткіземіз, ол кісінің мейірімі мен даналығын көреміз. Ол біздің екінші анамыз іспетті. Мұғалім бізді тек оқуға және жазуға үйретіп қана қоймай, бір-бірімізді қадірлеп дос болуға, адал болуға үйретеді. Өйткені, мектеп тек жалпы білім беру орталығы ғана емес, бұл өмір мектебі. Біз мұнда маңызды нәрсені білеміз: адал, мейірімді дос болуды, алдына мақсат қоя білетін, ұйымшыл команда болуды. Мұғалім тек үйретуші ғана емес, адал дос, дұрыс жолға түсіріп бағыт беретін бағыттаушы. Мұғалім жалқаулықты, тәртіпсіздікті жеңуді, біге қол жеткізген жетістіктерімізге қанағат етіп тоқтап қалмай алға жылжуды үйретеді.