Армысың –әз наурыз.

Наурыз айының  22- сін көптеген мұсылман елдері, оның ішінде: қазақтар,өзбектер, тәжіктер, азербайжандар, дұнғандар, түріктер, ұйғырлар Жаңа Жыл мерекесі ретінде тойлайды.

Ол әлемдегі ең ескі мейрамдардың бірі, оны бес мың жылдан аса тойлап келеді. Мұсылман халқы үшін бұл мейрам – табиғаттың жаңаруын, жердің құнарлануын, көктемнің келгенін, күн мен түннің теңелуін білдіреді.

    Бұл күні жұрт есік алдын тазалап, ағаш егіп, бұлақтың көзін ашқан.    Халық:  наурыз - үйі таза, өзі жақсы адамға құт-береке әкеледі, сол үйден жыл бойы ауру мен бәле аулақ жүреді – деп сенген. Бұл күнге адамдар ерекше көңіл бөліп, таза, жаңа киімдерін киіп, отбасы болып, үй-үйге қыдырады: таза көңілдерін, ақ тілегін білдіреді. Жыл бойы араздасып, өкпелеп жүрген ағайынның бір-бірінен кешірім сұрап, татуласуына мүмкінік беретін ерекше күн. Ал кешірмеген адамды, Самарханның көк тасынан да, қаттысың ба? - деп жекіген.

    Самарханда Ұлықбектің абсерваториясында ерекше көк тас бар, аңыз бойынша 22- наурыз күні,жылына бір рет, күн сәулесі осы тасқа түсіп, ол тас жібиді екен.Тасты жібіткен құтты мереке, адам  жүрегін елжіретіп кешірімшіл еткен.    Бұл күні әр үйде дастархан жайылып, қара қазан асылып, жеті түрлі тағамнан: су,ет, тұз, май,ұн,сүт, дәндерден наурыз көже пісіріледі. Бұл тағам адамға денсаулық, күш-қуат,көңіл-күй сыйлайды. Молшылық жолы осы Наурыз көжеден басталады. Келген қонақтар наурыз көжені салт бойынша түгелдей тауысып ішіуі керек. Қонақжай халқымыз,әсіресе,наурыз күні қабақ шытқан емес.

    Бұл күні қала алаңында үлкендерге де, жастарға да, кішкентай балаларға да іс-шаралар ұйымдастырылады. Үлкендер әңгіме айтып, домбыра тартып, қызықты шежіре қозғаса, жастар алтыбақан маңында ән салып,қара жорға биін билейді, ал кішкентай балалар халық  ойындарын ойнайды. Қала сыртында көкпар,бәйге, қыз қуу сияқты ат жарыстары өтеді.

    Бар табиғат оянып, түлеп, жасарған бұл күн- Ұлыстың ұлы күні деп те аталынады.

 

Дьяченко Авелина 7Б

Опубликовано: 20 Марта, 2013 03:57, Просмотров: 925