Біз елбасымен біргеміз

Біз елбасымен біргеміз өйткені ол Қазақстанды шын мәнінде тәуелсіз ел еткен адам . 

Ол 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Қазақстан мемлекетінің Конституциясын жасағандардың бірі. Ол Семейдегі атом полигонын жапқан және ядролық қару-жарақтан бас тартқан көшбасшы. Осының арқасында «суық соғыс» тоқталды. Қазақстан дүние жүзі бойынша төртінші орын алатын атомдық қаруы бар елден, бейбіт мемлекетке айналды .

Ең алдымен ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қадамдарды қарастырып, қазақ жерінің мемлекеттік шекарасын бекемдеп, халықтың алаңсыз өмір сүруіне қолайлы жағдай жасады .

Елбасы «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарлама қабылдады. Болашақты көздеген стратегиялар әлемде көп емес. Елбасымыз  халықтың игілігі үшін ойластырылған барлық жоспарларын табысты іске асырып келеді .  Ол  ел экономикасын бірінші орынға қоя білетін білімді де, білікті саясаткер.

20 жыл ішінде елбасының арқасында біз демократиялық , тұрақты саясаты бар экономикасы дамыған , ұлтаралық тату – тәтті , толеранттық  дінімізбен дүние жүзіне танымал болдық .

Елбасы бүкіл халқымызбен бірге жастарға да көп көңіл бөледі . Ол, әлем тәжірибесінде жоқ , Қазақстан жастары үшін «Болашақ » бағдарламасын жүзеге асырып, жастарды мемлекет қаражаты есебінен шетелдің жоғары оқу орындарына  білім алуға  жіберді . Әлемдік стандарттарға сай білім беретін жоғарғы оқу орындарын ашты . Соның бірі Назарбаев университеті . Қазақстан білімгерлерінің дипломын әлем мойындау үшін , өз елімізде білікті мамандар дайындау үшін шет елдің атақты ғылымдарын сабақ беруге шақырды . Оған мемлекет қаржысынан миллиондаған ақша бөлінді . Қазақстанның барлық жастары жоғары білім алу үшін барлық жағдай жасалды . Жоғарғы оқу орындары 50 пайызға дейін гранттар бөлді . Сонымен қатар, студенттерге екінші деңгейлі банктер арқылы оқуын төлеу ушін кредиттер беріле бастады . Жастар жазғы демалыс кезінде жұмыс істеп , ақша табуы үшін «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтылды , одан басқа құрылыс саласында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды .

Қазақстанның дамыған елдер қатарына қосылуы үшін Елбасы  талантты жастарды шет елдің іскер адамдарымен кездестіріп , солардың үйренуіне мүмкіндік жасап берді .

Қазақ тілімен бірге орыс , ағылшын тілін үіренуге барлық жағдай жасалды . Біздің толағайларымызға жеке қолдау көрсетіп , олимпиядада  үлкен жетістіктерге жетуімізге себепкер болды .

Әр түрлі діни конфессиялардың жетекшілерін Астанада бас қостырып , бүгінгі ушығып тұрған ахуалда әлем жұртшылығының сеніміне үміт отын ұялатты . Бұл тарихта тұңғыш рет болған жағдай.

Бұрын - сонды қазақ жерінде болмаған әдемі , заманауи Астана қаласын тұрғызды . Бұл біздің мақтанышымыз . Осының бәрі 20 жыл ішнде болды дегенге кім сенеді ?

 Қазақстан жастарының болашақтан үміті зор . Аз үақыттың ішінде Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына қосылды . Жеріміз бай , халқымыз тату , экономикамыз өркендеп дамып келе жатыр . Білім , денсаулық , мәдениет , спорт саласында жетістіктерге жетіп жатырмыз . Осының бәрі біздің президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің арқасында .

Н.Назарбаев қазақстандықтардың үмітін ақтады , халқына берген уәдесін орындап келді мемлекеттігіміз қалыптасты , экономикамыз нығаюда , демократия орталықты . Тәуелсіздігіміз бекуде , ынтымағымыз артуда , іргелеріміз сөгілген жоқ , щаңырағымыз шайқалған жоқ .

Мемлекетті, қоғамды тығырықтан аман алып шықты . Осының бәрі әлем танып, мойындаған ақиқат .

Әр қазақстандық ұлттың , әулиеттің, отбасының , жеке өзінің тағдырын , келешегін президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа сеніп тапсырды .

Н.Назарбаевтің көрегендігі , батылдығы , ел басқару жауапкершілігі , заманына сай ойлау қасиеті , кемелдігі ерлікке тең ерен істері жөнінде кітаптар жазылатыны сөссіз.               

Сондықтан біз , жастар , әр қашанда Елбасымызбен біргеміз ! 

Опубликовано: 5 Февраля, 2013 10:27, Просмотров: 1664