4 Июля, 2025
Регистрационное свидетельство
№ 1199-1
Домбыра сыры.Домбыра — қазақ халқының жан сезімі, жан серігі.
Үйірменің негізгі мақсаты өзінің тілін, дінін, дәстүрін, өнерін, әдеп- ғұрыптарын біліп қана қоймай, халқының асыл қазынасының мұрагері сезінетін, өз елін, туған жерін, ата мекенін сүйетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу. Осы үйірмеге келетін балалар менің ойымша, адамгершілігі биік, тәрбие алған балалар. Менің мақсатым – маған келетін оқушылардың қазақ тіліне, өнеріне, дәстүріне, ұлтына, салтына деген махаббаттарын оятып, рухтарын биік ұстату. Сабақ барысында мен оқушыларыммен қазақша сөйлеймін, қазақша түсіндіремін. Басқа тілде домбыраны үйрету мүмкін емес. Оқушыларым да «әпкей» деп сыйлап, үлкендермен амандасып өздерінің ізеттілігін білдіреді. Үйірмеге қатысатын оқушылардың 90 пайызы ер балалар. Меніңше, ер бала келешек ер азамат, еліміздің тірегі, болашағы, сондықтан да, оларға қойылатын талап-мақсат жоғары. Үйірменің ерекшелігі музыкалық мектептерде ешқандай дәріс алмаған, нота білмейтін балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттырып, оларға қазақтың ұлттық аспабы – домбыра бойынша дәріс беру мүмкіндігіміз бар. Оқушыларымыздың болашағы нұрлы болғай!Әрине біздің қаламызда орыс мектептерінде, осындай бағдарламамен жұмыс жасайтын әсіресе өзге ұлт балаларын үйрету, қосымша білім беру үйірмелері көбейсе нұр үстіне нұр болар еді.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Телғазиева Айнұр Бостанбекқызы.
Опубликовано: 5 Октября, 2012 10:30, Просмотров: 2243
|