Алтын күздің аруы.

Береке бақ дарығын,

Жомарт көңіл, жарқын жүз,

Сары алтынға малынған,

Жетті міне алтын күз!- демекші, міне бізге де күз жетті.

Даламызға сарыала күткен алтын күзде келіп жетті. Иә, күз мезгілінде барлық жан атаулы өз еңбегінің жемісін жинап, теріп алады. Қоңыр күздің әр күні көңілді, қуанышпен өтеді. Күз мезгілінің тіршілікке тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар мен нақыл сөздер арқылы балалардың ой –өрісін дамыту мақсатында ауқымды ісшара мектебімізде «Алтын күз» атты байқаумен өтті. Мерекенің басталуында барлық оқушылар мен ұстаздарды, ата-аналарды Күз мерекесімен құттықтап, 

күз мезгілінің бізге тигізген әсері мен ерекшелігін мақтанышпен атап өттік.

8-11 сыныптар аралығында болған өнер сайысында 8 "В" сынып оқушысы Баимбетова Сабина "Күз аруы - 2012" атағын жеңіп алды. Әділ - қазы алқасы қатысушылапрдың барлығын алғыс хат пен сыйлықтармен марапаттады.

Қорытындылай келе, мектеп директорымыздың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Маркина Альфия Әсетқызы қатысушыларға өз ризашылығын білдірді.

Міне, осындай кештің артынан бәріміздің көңіліміз көтеріліп, күз мезгілінің әсерін мол сезінгендей болдық. Әлі де болса, осындай мерекелер өтуін, сағына күтіп дайындалып жүрміз.

10 «Г» сынып  оқушысы Алексеева Жанна 

Опубликовано: 5 Ноября, 2012 10:25, Просмотров: 2106