Тіл - татулық тірегі.


-Жанна, сенің «Тіл - татулық тірегі» байқауында қатысқаныңды білеміз. Өз әсер-пікірің туралы айтып берші.





-Жуырда болып өткен қыркүйектің он тоғызыншы жұлдызында бұрынғы «Химектердің үйінде» (мәдиниет сарайы) Тілдер мерекесіне және Қазақстан мемлекетінің тәүелсіздігінің 20 жылдығына арналған қалалық байқау өткізілді. Байқауға қатысқан отыздан астам әр-түрлі ұлт өкілдеріңің қазақ тіліміздің мәртебесің көтеру мақсатында өз өнерлерін ортаға салды. (Бір мектептен – бір оқушы барды). Олар: дүнген, өзбек, татар, орыс, белорус, малииц, кәріс және т.б. ұлт өкілдері білімдері мен өнерлерін көрсете білді.

Бұл байқау өте қызық болып өтті және ол төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін таныстырды. Екінші кезеңде видиороликтерің көрсетті. Үшінщі кезеңде қазақ ақын жазушыларымыздың прозасын және өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ал ең соңғы кезеңде өз өнерлерің көрсетті. Біздің қаламызда өте көп дарынды, өнерлі оқушыларымыз бар. Олардың өнерлері әр – түрлі: би билеу, ән айту, әдемі, мәнерлеп оқу және актер дарыны. Олармен танысқанынан, сөйлегенінен және бір байқауда қатысқаныма өте қуаныштымын, өйткені содан көп пайда алдым. Тағы мен Ләззат және Айнұр әпкелерге, көмегі, қолдау, мені байқауға  дайындаған үшін үлкен рахмет айтамын!

Қазақ тілін білу – Қазақстанда тұратын әр  азаматтың парызы, намысы. Біздің ғасырымызға келген жолында ол өте көп қиыншылықтарды көрген. Сондықтан біз оны қастерлеу, құрметтеу керекпіз. Қазақ тілі – ол біздің бабаларымыздың мұрасы.

-Жанна, саған көп рақмет айтып, 2 орын алғаныңа сені шын жүректен құттықтаймыз!

Ержанова Мадина,

Опубликовано: 23 Сентября, 2011 10:33, Просмотров: 1413