Армысың, мектебім!

Қыркүйек күз мезгілінің алғашқы айы және оқу жылының басы екенін бәріміз де білеміз.

Бірінші қыркүйек – бүкіләлемдік білім күні. Осы күні оқушылар мектепке студенттер арнайы орта білім, жоғары білім шаңырақтарына оқуға аттанады.

Сол күні біздің де 40 гимназияміздің алаңында оқушылар бал-бұл жайнай гүл шақтарымен ұстаздарын құттықтап мәре-сәре болуда. Үш ай демалыстан кейін сағынып көріскен балалар көріп-білген қызықтарын әңгімеленшуды, алғашқы қоңырау линейкасының ашылуын жариялаған әуен үні бұғып жіберді. Линейканы 10 “А” сынып оқушылары Подвязникова Анастасия, Мамазов Мирхия екеуі ашып өткізді. Гимназия директоры Гибнер Александр Абрамович оқушыларды білім күнімен құттықтап, бәріне терең білім, сабақты жіберіп алмауға денсаулық сәт-сапар тілеп сөз сөйледі.

Линейкамызға ардагерлер де келіп, құттықтап, ұстаздарға, оқушыларға сәттілік жолдады.

Құттықтаурардан кейін концерттік бағдарламамен мектеп түлектері би билеп, ән айтып жатты.

Линейка соңында 2011 оқу жылының басталуының алғашқы қоңырауы соғылды. Бұл мектеп өміріміздің 30-ыншы бірінші қоңырауы. Уақыт шынымен де тез өтеді екен. Сондықтан мектепте өткізетін әр күнімізді қадірлеп, ләзаттауымыз керек!

Ержанова Ләйлә, 9 “А

Опубликовано: 3 Сентября, 2011 17:03, Просмотров: 1558