БОЛАШАҚТЫҢ ЖОЛБАСШЫСЫ

     Алина, Айша, Нұрлан үшеуі туған бауырлар. Үшеуі тату, ешқашан ұрыспайды. Ойыншықтарын бірге шашып, қайтадан жинап қояды. Бірде  әжесі оларға ертегі айтып берді. Алыста, сонау мұзтаудың арғы жағында адамдар естігені болмаса, ешкім барып көрмеген  бір мекен бар екен. Ол жақта тек қана жаз мезгілі болады дейді. Ең керемет жеміс пен таңғажайып табиғат, өлшеусіз байлық та сол жерде деседі. Бірақ ешкім ол жаққа жете алмапты, тек естігені болмаса депті.. Себебі мұзтау өте биік, одан асып өту ешкімге бұйырмапты дейді.

- Әже сіздің айтып отырғаныңыз, рас па? – деп сұрайды Нұрлан.
- Балам, рас-өтірігін есейгенде көре жатарсың, мен де өз естігенімді айттым депті әжесі.
       Арада талай жылдар өтіп, бауырлар есейіпті, Алина асқан ақылды, өнертапқыш, күні – түні кітап оқитын ізденімпаз болып өсіпті. Айша болса өнерлі, мейірімді, кез-келген адаммен де жануармен де тіл табыса кететін, кез келген техниканың тілін білетін ерекше қаббілетке ие болып өсіпті. Ал Нұрлан болса батырлығымен елге танылыпты.
      Бірде үшеуі бас қосып, баяғыда әжелері айтқан таңғажайып мекенді көруге жол тартыпты. Жол қысқартсақ қалай болар деген ойға, Алина ұшатын көліктің жобасын ұсынады. Нұрлан ауыр заттарды көтеріп әкеліп құрастырып жіберді. Ал ақылды ұшатын көліктің тілін Айша тез таба қойып ұшуға белгі берді. Олар әп—сәтте керек жеріне ұшып келді. Мұзтаудың арғы жағына да өте алды. Ешқандай қиындық көрмеді. Бірақ ол жақтан өте кәрі қарияны кездестірді. Әжесінен естігендерін айтып, бұл жақтың ерекшелігі неде екенін айтып беруін сұрайды. Сонда әлгі кісі:
- Балалар, сендер ғылым мен техниканың тілін білдіңдер, көп оқып білімді болдыңдар, спортпен айналысып күшті оған біріктіре алдыңдар, ал ең бастысы татулықты сақтай алдыңдар. Бұл мекенге тек осындай қабілеттерді ұштастыра алғандар жетеді. Сендер осы биіктің бағындырушы жолбасшысыңдар. Мұндай ақылды елі бар халық әрқашан жадырап жаздай күй кешеді. Елдеріңе соны айта барыңдар депті.
     Ағайынды бауырлар «білім қоры» атты мол олжамен қайта оралып, өз жұртына үлгі бола алыпты.

Айлин Марат 1"А"

Опубликовано: 10 Декабря, 2024 06:39, Просмотров: 150