26 Ноября, 2024
Регистрационное свидетельство
№ 1199-1
Мәңгі өшпес жарық жұлдыз.Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті апталығында жоғары сынып оқушыларының дайындауында түрлі сі- шаралар өтті. Солардың ішінде қазақ халқының аяулы ұлы, географ, этнограф, тарихшы, әдебиетші, саяхатшы, ғалым Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» атты әдеби кешті атап өткім келіп отыр. Әдеби кештің жетекшісі - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бабашева Жанат Байтанқызы. Әдеби кеш жүргізушілер – Исаханов Руслан мен Тілеуқұлтегі Еркемайдың сөздерімен ашылды. Олар қазақ және орыс тілдерінде Шоқанның өміріне шолу жасады. Ұлы ғалымға арнап жазған өлеңдер де аз емес. Сол өлеңдердің бірін 10 «а» сынып оқушысы Бурмакина Дарья, 11 «а» сынып оқушысы Үшкемпірова Назгүл,10 «в» сынып оқушысы Ермекбаева Әсел, 8 «а» сынып оқушысы Иманбаева Лаура, 8 «г» сынып оқушысы Шаухаров Диас, 8 «а» сынып оқушысы Лим Ирина мәнерлеп оқып шықты. Келесі кезекте көрермендердің ыстық ықыласына ие болған С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» атты пьесасынан қойылым көрсетілді. Бұл қойылым Шоқанның өз елінде аға сұлтандыққа сайлауға түскен кезі туралы еді. Қойылымдағы Шоқан рөлін 11 сынып оқушысы Юсупов Фаррух сомдаса, Шоқанның сүйіктісі Айжанның рөлін Дербісалиева Таңшолпан ойнады. Осы пьесадан тағы да бір үзінді көрсетілді. Бұл жерде Шоқанның досы Потаниннің рөлін 10 «в» сынып оқушысы Савинкин Никита, Шоқанның әкесі Шыңғыстың рөлін 11 «в» сынып оқушысы Оразбеков Бексұлтан шебер көрсете алды. Шоқан Уәлиханов аз ғана сүрген ғұмырында артына өлмес мұра қалдырған қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы. Оның қазасы әрине, қазақ жұрты мен оның достарына ауыр тиді. Шоқанның достары мен орыс ғалымдары ол туралы естеліктер мен мақалалар жазды. Сол үзінділерді Камединқызы Әйгерім, Ралдугин Михаил, Асылбекова Інжу, Егеубаев Жанболат, Ким Валерия, Ким Артур, Әлбекова Алина сияқты оқушылар жатқа айтып өтті. Ал, Үшкемпірова Назгүл Шоқанның өз шығармасынан үзінді оқыды. Сонымен қатар, Шоқанның артында қалған оның мұраларының бірі – оның салған суреттері еді. Сол суреттер туралы да біраз мәліметтер берілді. Келесі кезекте жиналған қауым «Шоқан Уәлиханов» деп аталатын фильмнен үзіндіні тамашалады. Халқымыздың даңқты ұлы, аққан жұлдыз атанған, қысқа өмірінде мол мұра қалдырған Шоқан Уәлихановтың өмірі бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнеге екені даусыз. Келешек ұрпақ Шоқан есімін, қалдырған еңбектерін әрдайым ризашылық сезіммен құрметтейді дегіміз келеді. Жалпы, мектебіміздің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кафедрасы ұйымдастырған осындай іс-шаралар мен әдеби кештердің бізге берері мол деп ойлаймыз. Мұндай кештердің ұйымдастырылуы оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қызығушылықтырын арттырып қана қоймай, халық тарихы мен әдебиетінен сусындайтыны анық екеніне күмән жоқ деп ойлаймын. Тілеуқұлтегі Еркемай. 11 «а» сынып оқушысы.
Опубликовано: 12 Марта, 2010 09:46, Просмотров: 6418
|