25 Ноября, 2024
Регистрационное свидетельство
№ 1199-1
Тәуелсіздік күні құтты болсын!Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 28 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай етіп жүрген баршаңызды Ұлттық мерекемізбен құттықтағым келеді. Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын. Отанымызда орнап тұрған тыныштық пен берекенің ғұмыры ұзақ болсын! Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Опубликовано: 13 Декабря, 2019 03:16, Просмотров: 8489
|