9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған құттықтау сөз!

     Құрметті тыл еңбеккерлері!Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

     Бұл – аға буынның жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жеңісі. Қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен қайтпас рух пен жалынды жігерлерінің жемісі. Өзінің қайғы қасіреті мен зардаптары жөнінен бұл соғыс күллі адамзат тарихындағы ең бір қанқұйлы соғыс болды.
     Осы Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан болып, біз бұл жеңісті қимас боздақтарымыздың, әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен өтедік. Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты. Жеңіс пен жетістік ұғымдары еліміздің даму қарқынымен қашанда қанаттас келеді. Осынау бейбіт өмірге жеткізген ардагерлеріміз аман болғай! Біз есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз.
     Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында біз Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына бас иіп, тағзым етеміз.Сіздердің ерліктеріңіз– біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, фашизмді жеңген батырлардың өшпес даңқы мәңгі шуақ шашатын болады. Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз, бұл күнді қазақтардың әлі талай буыны мерекелейтін боламыз.

   Мерекелеріңізбен, қымбатты ардагерлер! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, құт-береке, туғандарыңыз бен жақындарыңызға бақыт тілеймін!

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының
мұғалімі Ордабекова Айдана Мұратқызы

 

Опубликовано: 8 Мая, 2019 05:40, Просмотров: 10745