7 Мамыр ҚР қарулы күштері күніне арталған тілек

                    Құрметті, ерлер қауымы,
                               әріптестер!
     7 Мамыр - Қазақстан Қарулы күштері күні. Ер азаматтарымызға амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз. Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз.      

     Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер. Биік шыңдардан көрініңіздер! Өмірлік серіктеріңіздің сезімі өздеріңізге бұлақтай таза, сүттей ақ, періштедей пәк болсын. Баян батырдай батыл, Қозы көрпештей көрікті, Төлегендей сүйікті болыңыздар. Райымбектің батырлығын, Қабанбайдың батылдығын, Қарасайдың өткірлігін тілеймін. Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.
     Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық тілейміз! Сіздерді 7 Мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының
мұғалімі Есимова Гүлнәр Талғатбекқызы

Опубликовано: 6 Мая, 2019 05:11, Просмотров: 9404