Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді
дамыту бағытындағы кешенді жобаларды
жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра
береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай
латын графикасына көшіруге дайындық
жұмысын осы бастан қолға алу қажет.Бұл
қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны
осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады.
Н.Ә.Назарбаев
Сәуір айының 26 жұлдызында 4"А, Б, В, Г" сынып оқушыларының арасында "Жаңа қазақ әліпбиі – менің жаңа белесім" атты бағытта ұйымдастырылған мектепішілік "QAZLAT білгірі" сайысы өтті.
Сайыс 5 белестен тұрды:
1. "Zerek bala" мобильді қосымшасы
2. "QAZLAT" тапқыры
3. "4 фото 1 сөз"
4. "Жұмбақты шеш"
5. "Жаңаша жазайық".
Сайысқа 4 сынып оқушылары қатысты. Олар:
1. Земская Анастасия 4"А"сыныбы
2. Қалабекқызы Аяулым 4"А" сыныбы
3. Кумеков Арыстан 4"Б" сыныбы
4. Аманали Дінмұхамед 4"Б" сыныбы
5. Қайратқызы Камила 4"В" сыныбы
6. Рейн Ева 4"В" сыныбы
7. Телепайло Лавр 4"Г" сыныбы
8. Алиева Нармина 4"Г" сыныбы
9. Әділхан Нұрсұлу 4"Г" сыныбы
Оқушылар сайыс барысында өздерінің барлық білімдерін салып, топта жақсы жұмыс жасауға тырысты. Сайыстың нәтижесі бойынша 1 орынды ІІ топ, топ мүшелері: Қалабекқызы Аяулым, Аманали Дінмұхамед, Әділхан Нұрсұлу, 2 орынды І топ, топ мүшелері: Қайратқызы Камила, Рейн Ева, Алиева Нармина, 3 орынды ІІІ топ, топ мүшелері: Земская Анастасия, Телепайло Лавр, Кумеков Арыстан алды.
Латын графикасына көшу - бұл уақыт талап етіп отырған тілдік жаңғыру. Мемлекет дұрыс деп қабылдаған әрбір бағдарлама немесе бетбұрысқа қолдау көрсету біздің борышымыз, ал оқушылар үшін бұл бір жаңа белес болды. Осы орайда сайыс қатысушалыры латын графикасының жаңа бір белесін бағындырды деп ойлаймын.
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы