Менің Отаным – Қазақстан.


Әрбір адамға туып өскен Отаны қымбат. Сіздердің назарларыңызға
6 сынып оқушыларының өз Отаны туралы жазған тырнақалды туындыларын ұсынамыз.
Әрбір адамның өз Отаны болады. Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері. Мен бүгін өзімнің туған қалам – Тараз қаласы туралы айтпақшымын.
Мен Тараз қаласында тұрамын. Ол 2000 жылдық тарихы бар ежелгі қала.
Біздің қаламызда ескерткіштер,саябақтар, театрлар бар. Кең даңғыл жолдар,гүл бақтары,сәулетті жаңа тұрғын үйлер қаланың көркін келтіріп тұрады.
Қалада көптеген өнеркәсіп орындары жұмыс істейді.Солардың ішінде: «Химпром», «Қант зауыты», «Сүт зауыты», «Гипс зауыты», және тағы басқа өндіріс орындары бар.
Қала тұрғындары осы жерлерде жұмыс істейді.
Қалада көптеген арнаулы және жоғарғы білім беретін оқу орындары бар.
Біздің қаламызда көптеген ұлт өкілдері тұрады.Барлығы бір-бірімен тату- тәтті өмір сүреді. Қала күні жақындағанда барлығымыз бір үйдің баласындай болып қаламызды тазартуға ат салысамыз. Біздің мектепте сенбіліктер ұйымдастырылады.
Қаламыз күннен күнге көркейіп,өсіп келеді.Қала күнін тұрғындар орталық алаңда тойлайды.Гүлдене бер менің сүйікті қалам!Біз сені жақсы көреміз.
Рсымбетова Әсел. 6 «г» сыныбы.

Опубликовано: 22 Января, 2010 06:59, Просмотров: 3826