Тұғыры биік Тәуелсіздік

12 желтоқсан күні Тараз қаласы № 40 гимназиясында "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Мәнерлеп оқу сайысына 1-11 сынып оқушылары қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қобландина М.И., Шахова А.В., мектебіміздің кітапханашысы Рыскелдиева Б.Г. әділ-қазылық етті. 7 "Г" сыныбының оқушысы Арыстанбек Эльнура мерекеге арнап "Туған ел" әнін шырқап, мәнерлеп оқу сайысын ашып берді. Мәнерлеп оқу сайсында қатысушылар тәуелсіздік туралы өлең шумақтарын оқыды. Өлеңді оқып қана қоймай, асқан шеберлікпен жүректен жүрекке жеткізе білді. Мәнерлеп оқу сайысында орын алған оқушыларды
                              ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
1-4 сынып оқушылары арасында:
Қазақ балалары:
І орын -    Тұрысбек Мерей  (1"Е")
ІІ орын -   Ұланбеков Амир (1"Д")
                  Қосыбаева Нұрай (4"А")
ІІІ орын - Болысбек Сабина (1"В")
                  Оңғар Шыңғыс (3"А")
                  Бақбай Амиран (2"Б")
Өзге ұлт өкілдері:
І орын -    Земская Анастасия  (4"А" )
ІІ орын -  Разумова Светлана (2"А")
                 Сорокина Анастасия (3"В")
ІІІ орын - Зейфман Никита (1"Г")
                 Пак Сюзанна (4"Г")

5-7 сынып оқушылары арасында:
Қазақ балалары:
І орын -    Сабиұлы Алтынхан  (5"Д" )
ІІ орын -  Тұңғышбекова Алина (7"Б" )
ІІІ орын - Тоқтар Нұрай (5"А")
                  Оңғар Шыңғыс (5"А")
Өзге ұлт өкілдері:
І орын -      Бойко София  (7"Г" )
ІІ орын -    Абдужапарова Фарангиз (6"Б")
                   Мухамеджанова Виктория (5"А")
ІІІ орын -  Кичигина Анастасия (5"А")

8-11 сынып оқушылары арасында:
І орын -     Тәттібаева Таңшолпан  (8"А")
ІІ орын -    Төребеков Ақарыс (11"В" )
                   Манат Нұрзат (10"В" ) 

Жеңімпаздарды және ұстаздарды құттықтай отырып, барлық қатысушыларға алғыс айтамыз. Шығармашылық табыстар тілейміз!

      Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы               

Опубликовано: 20 Декабря, 2018 04:10, Просмотров: 7233