25 Ноября, 2024
Регистрационное свидетельство
№ 1199-1
Жастарға үлгі болған ұлы тұлғаХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдерінің бірегейі - Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин. Ол әдебиеттің түрлі жанрында, атап айтсақ, проза, поэзия, драматургияда қалам тербеп, қазақ әдебиетінің алтын қазынасына өзіндік үлесін қосқан қаламгер ретінде танылды. Азғантай ғұмырында өнімді еңбек етіп, өз дәуірінің шындығын шығармаларына арқау ете білген тұлға ретінде біздің есімізде мәңгілікке қалды. Жастайынан әкеден жетім қалып, тұрмыстық тауқымет тартқан Бейімбет өсе келе халқының кеңестік замандағы жай-күйін, сыры мен мұңын шығармаларында шебер суреттей білді. Бейімбет атамыздың қаламгер болуына ол кісінің әжесінің үлесі зор болған. Бұл туралы жазушы өз естеліктерінде:"Үлкен шешем де өлеңге өте әуес адам еді, ескі қиссаларды тыңдап болып, бір күрсініп алып өзі өлең айтатын еді", - деп жазған. Жазушының жазып кеткен асыл мұрасын жас ұрпаққа оқытып, үйретіп, бойына сіңіру - ол білім саласындағы ұстаздардың парызы деп білемін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Опубликовано: 14 Ноября, 2018 03:32, Просмотров: 6371
|