25 Ноября, 2024
Регистрационное свидетельство
№ 1199-1
ТІЛ АЛАҢЫ! МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІНҚазан айының 19-21 аралығында №40 гимназияда ағылшын тілі мен қазақ тілі әдебиеті кафедраларының ұйымдастыруымен "Тіл алаңы" өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы үш күн аралығында түрлі форматта сабақтар мен қызықты тапсырмалар, тренингтер жасады. Атап айтқанда, 19.10.2018 күні Есимова Г.Т. мен Ордабекова А.М. ұйымдастыруымен "Дастархан кафесі" атты сабақ өтті. Онда оқушылар қазақ тілінде тағам мәзірін жасап, оны таныстырды. Алғашында олар топқа бөлініп, әртүрлі тағам түрлерін дайындады. Тапсырма орындаған сайын ұпайлар беріліп отырды. Қорытынды ретінде қазақтың ұлттық тағамы "Етті" дайындап, оның құрамы мен пайдасын да атап өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Опубликовано: 6 Ноября, 2018 06:03, Просмотров: 5471
|