ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ МЕРЕКЕСІНІҢ ТАРИХЫ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі жақындап келеді. Бұл еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамдардың бірі. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет. Сондықтан  бұл мейрамның маңызы зорКөктемнің соңғы айының бірінші күнін тойлау дәстүріне қандай тарихи оқиғалар себеп болды? Мерекенің кешегі өткен тарихына көз жүгіртсек, 1 мамыр мейрамын алғаш ойлап тапқан большевиктер, Чикагода ереуілге шыққан жұмысшылар емес екен. Мереке тарихының тамыры тереңде жатыр.

Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғындары жердің қамқоршысы әйел құдай Майяға табынған. Соның құрметіне көктемнің соңғы айын "май" деп атап, осы айдың бірінші күнінде серуендер өткізіп, тойлар жасады.  1 мамыр мерекесінің тарихы Еңбекшілердің ынтымақтастығы күні ретінде 1889 жылдың шілдесінен атап өтіле басталды. 1886 жылдың 1 мамырында АҚШ-тың жұмысшылары 15-сағаттық жұмыс күніне қарсы ереуіл ұйымдастырып, зауыт басшыларынанжұмыс күнін 8 сағат деп белгілеуді  талап еткен.  Наразылық білдіру әрекеттері 4 күнге созылды.1889 жылдың маусымында Париждегі 2 Интернационалдың 1 Конгрессі 1 мамырды - 8 сағаттық жұмыс күні үшін Халықаралық күрес күні немесе Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні деп атау туралы шешім шығарды.  Ресей империясында бұл мейрам 1890 жылы жұмысшылардың ереуілге шығуы ретінде аталып өткен. Бір жылдан кейін Петербург қаласында бірінші "маевка" ұйымдастырылды. 1897 жылдан бастап "маевкалар" саяси сипатқа ие болып, жаппай демонстрациялармен қатар өтті. 1917 жылдың 1 мамырында бұл мереке алғаш рет ашық тойланды.
Тәуелсіз Қазақстанда мейрам 1996 жылдан бастап тойланады. 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы бұйрыққа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылдың 18 қазанында қол қойып, Еңбекшілер күнін тойлаудан бас тартты. Бұл күні Қазақстан Республикасында тұратын халықтарды бірлікке, ынтымаққа ұйытатын мерекелік шаралар өткізіледі. Қазақстан — көп ұлтты мемлекет. Елде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Қазақстан халқының бірлігі күні қалай атап өтіледі? Ән айтылып, би биленеді. Мерекеге әртүрлі мәдени орталықтар атсалысады. Олардың мақсаты — Қазақстан халқын өзге халықтардың дәстүрлерімен таныстыру.

Мейрамға еңбек ұжымжары, ЖОО студенттері, әртүрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері белсенді қатысады Мейрам Қазақстан халқын ел аумағында тұратын өзге ұлттардың мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырып, ұлт тұтастығын нығайта түседі.

 "Сөз маржаны" факультативінің мүшесі, 10"А" Левыкин Роман

Опубликовано: 28 Апреля, 2018 04:37, Просмотров: 3511