Ертегілер елінде

Ертегі – рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп,
 құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен
ғана  түйсіне алатынматериалдық әлеммен бірге шегі жоқ 
рухани әлем болмысының біртұтас баян етілген  көрінісі.
Т. Барсаұлы

Сәуір айының 24 жұлдызында "Ертегілер елінде" атты фестиваль өткізілді. Бұл іс – шара 2 – 4 бастауыш сынып оқушыларының ертегі қойылымдарын сахналауға арналған болатын. Іс – шараның басы қонаққа Алдар Көсенің келуімен ашылды. Қазақ ертегісінің ең танымал кейіпкері ертегілерді оқушылармен бірге тамашалады. Қонақ Алдар Көсенің рөлін сомдаған 3"В" сынып оқушысы Аманғали Бекарыс болды. Ал, Алдар Көсені қарсы алып, онымен ертегілерді тамашалаған жүргізуші 3"А" сынып оқушысы Земская Анастасия. Барлығы он ертегі сахнаға қойылды.

I 2 «Б» сыныбы  "Қарлығаштың құйрығы неге айыр? "қазақ ертегісі
II 2 «Е» сыныбы "Сазайын тартқан түлкі" қазақ ертегісі
III 3 «Б, В» сыныптары "Жылан – балық" қазақ ертегісі
IV 3 «Е» сыныбы "Аю мен маса" қазақ ертегісі
V 2 «В» сыныбы "Күнді іздеген достар" қазақ ертгісі
VI 2 «Ж, З» сыныптары "Қызыл телпек" орыс ертегісі
VII 4 «Б» сыныбы "Еңбекпен тапқан тиін" грузин ертегісі
VIII 3 «В» сыныбы "Сиқырлы тон" қазақ ертегісі
IX 4 «Г» сыныбы "Қызыл телпек" орыс ертегісі
X 3 «Ж» сыныбы "Адал бала" корей ертегісі

Оқушылар ертегі қою барысында өздерінің барлық өнерлерін салып, берілген рөлді барынша алып шығуға тырысты. Қазақ халқының ертегілерімен қатар, өзге ұлт ертегілерін  және қонақта болған Алдар Көсенің ертегісін де сахналады. Сонымен қатар, арнайы дайындаған киім үлгілері, сахналық құрал – жабдықтары ертегіні қызықты өтуіне өз септігін тигізді. Іс – шараның соңы дәстүрлі "Ертегілер" әнін фестиваль қатысушыларының орындауымен аяқталды.
Жас актерлерге  өнерлерің шыңдала берсін демекпіз! 

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы

Опубликовано: 26 Апреля, 2018 08:41, Просмотров: 3308