26 Ноября, 2024
Регистрационное свидетельство
№ 1199-1
Ұлыстың Ұлы күніАта – бабадан жеткен халқымыздың тамаша салт дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанебет болар еді. "Наурыз" күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған. Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні Қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, "нұр жауды", "туар жыл нұрлы болады", "Наурыздың ақша қарындай" деп әсем теңеулер айтып, "ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады" - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған. Кәзіргі уақытта адамдар Қазақстанның егемендігін алғаннан бастап Наурыз мерекесіне көп көңіл бөле бастады. Адамдар сол күні қазақтың дәстүрлі тағамдарын дайындап, киіз үй соғып, ұлттық биін билеп, қазақ ұлттық ойындарын ойнап тойлайды. Сатыбалдиева Сымбат 8 "А"
Опубликовано: 17 Марта, 2018 04:59, Просмотров: 2835
|